Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Тұрғындардың белсенділігі жоғары

Атыраудағы Құрылыс колледжінде орналасқан №87 сайлау учаскесінде дауыс беру рәсімі белгіленген тәртіппен ұйымдастырылды. Учаскелердегі урналар пломбаланып, сайлаушыларды қабылдау басталды.

№87 сайлау учаскесінде барлығы 1980 сайлаушы тіркелген. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Тұхфатолла Жұмағазиевтің айтуынша, дауыс беру барысы қалыпты жағдайда өтуде. Сайлау басталған алғашқы бір сағаттың өзінде жүзге жуық адам өз таңдауын жасау үшін учаскеге келген. Бұл сайлаушылардың белсенділігі жоғары екенін көрсетеді.

Сонымен қатар денсаулығына немесе өзге де себептерге байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын адамдар үшін үйде дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Мұндай өтініштер түске дейін қабылданады.

Сайлауға келгендердің қатарында еңбек ардагері Бөкен Мыңбайұлы да бар. Ол Құрылтай құрамына жаңа депутаттардың сайлануынан үлкен үміт күтетінін жеткізді.

– Құрылтайға зор сеніммен қарап отырмыз. Ең бастысы – балаларымыздың жарқын болашағы, тәуелсіз еліміздің еркіндігі мен ертеңі. Сондықтан әр азаматтың өз таңдауын жасап, ел болашағына үлес қосқаны маңызды, – деді еңбек ардагері.

Айбөпе САБЫРОВА

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT