Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ШЕТ ЕЛДЕН ДАУЫС БЕРДІ

Саяси науқан барысында аудан тұрғындары қай түкпірде жүрсе де өз таңдауын жасайды. Соның бірі - Миялы ауылының тұрғыны Венера Төлеуғалиқызы.

Әзербайжан еліне демалысқа барған ол Баку қаласындағы сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Бүгін алыста жүрсем де, туған елім үшін маңызды таңдауымды жасадым. Қай жерде жүрсем де, еліміздің болашағына бейжай қарай алмаймын. Туған елдің өсіп-өркендеуіне өз үлесімді қосу – әр азаматтың парызы, – дейді Венера Төлеуғалиқызы.

Осылайша ол шет елде жүрсе де ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысып, азаматтық белсенділігін танытты.

Дулат БЕРІК

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT