Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ОТБАСЫМЕН ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

 Ауданымызда ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, әулеттің емес тұтас ауылдың ажары болып отырған отбасылар аз емес. Солардың бірі - мұқырлық Қуандық Нұрболғановтың отбасы.

Биылғы аудандық «Мерейлі отбасы» байқауында облыстық кезеңге жолдама алған бұл әулет бүгінгі сайлаудан тыс қалмай, Мұқыр орта мектебінде орналасқан №160 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады.

 – Еліміздің дәл осылай дамып, көркейіп жатуы мемлекеттік деңгейде дұрыс жүргізіліп жатқан саясаттың арқасы екендігі белгілі. Сондықтан бүгінгі саяси науқаннан тыс қалмай келіп, отбасымызбен таңдау жасадық. Өзім 45 жыл теміржол саласында, жолдасым 20 жылдай денсаулық саласында еңбек еттік. Екі ұл мен үш қыздан өрбіген немере, жиендер бар. Қазір зейнеткерлікке шығып, солардың ортасында елдің тілеуін тілеп отырған жанның біріміз. Ең бастысы – еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деп ағынан жарылды Қуандық ақсақал.

 Дулат БЕРІК

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT