Аудандағы сайлау науқанында түрлі саланың өкілдерінен бөлек, әртүрлі кейіпкер болып киініп келіп, таңдау жасап жатқандар бар.
Солардың бірі – Миялы ауылындағы №145 сайлау учаскесіне мультфильм кейіпкері болып келген Ардақ Иманқожа:
– Бүгінгі сайлауға ерекше кейіпкер болып келуді ойладым. Менің мультфильм кейіпкері болып баруым сайлаушылардың қызығушылығын арттырып, ерекше көңіл-күй сыйлады. Осылайша аудандағы саяси науқанға ат салысып, ерекше көңіл-күй қалыптастырып қайттым, - дейді.
Қазіргі таңда, аталмыш №145 сайлау учаскесінде сайлаушылардың 75 пайызы өз таңдауларын жасап үлгерген.
Дулат БЕРІКҰЛЫ




