Қай салада да үнемі белсенділік танытып жүретін сағыздықтар бүгінгі саяси науқаннан тыс қалмай, ұйымшылдықпен өз таңдауларын жасауда. Солардың ішінде Сағыз ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Сағынов та бар.
Ол №9 орта мектепте орналасқан №157 сайлау учаскесіне барып, таңдауын жасап тұрып:
– Өз елінің дамуы мен өркендеуін қалайтын кез келген азамат сайлауға келіп, өз таңдауын жасауы керек. Соған сай мен де кейінгі жастарға үлгі болсын деген ниетпен келіп, өз дауысымды бердім. Сайлау жай ғана саяси науқан емес. Елдің болашағын айқындайтын маңызды шара. Сол себептен бәріміз бір кісідей барып ат салысуымыз керек. Ендеше, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деген тілегін жаудырды.
Дулат ҒҰБАЙДОЛЛА




