Миялы ауылының тұрғыны Ұлмерек Жұмабай «Арман» мәдениет үйінде орналасқан №143 сайлау учаскесіне ерекше образбен, үлкен қаламды қолына ұстап келіп, өз таңдауын жасады.
Креативті бейнесімен көпшіліктің назарын аударған ол дауыс беру науқанына өзіндік үлесін қосты. Мұндай ерекше бастамалар сайлау күнінің мазмұнын арттырып, тұрғындардың белсенділігін көрсетуге мүмкіндік береді.
Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ




