Ойыл ауылдық округіне қарасты №147 учаскелік сайлау комиссиясы таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастады.
Аталған сайлау учаскесінде 1325 сайлаушы тіркелген. Елімізде өтіп жатқан бұл саяси науқанға ауылдағы Ш.Еркінов, М.Сартов және Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары ұйымшылдықпен қатысып, дауыс берді.
– Бүгін батыр бабамыз Ш.Еркінов атындағы көше тұрғындары №147 сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауымызды жасадық. Азаматтық құқығымызды пайдаланып, ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз үлесімізді қостық деп есептейміз, - дейді олар..
Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ




