Сайлау күні Миялы және Сағыз ауылдарындағы ауылшілік қоғамдық көліктер тегін тасымал ұйымдастыруда. Бұл да болса тұрғындардың саяси науқанға тез әрі кедергісіз баруына жасалған жағдай екендігі ақиқат.
Осы ретте, сайлауға ауылішілік қоғамдық көлікпен келген миялылық Саламат Серікқали: – Қоғамдық көліктердің тегін жүруі өте дұрыс бастама. Бұл тұрғындардың сайлауға уақытылы әрі көптеп қатысуына мүмкіндік береді. Осы бастаманың арқасында өз учаскеме барып дауысымды беріп, көшеден жәрмеңкеден керегімді алып, үйге келдім, - дейді. Осы ретте, Миялы ауылында 4 автобус, Сағыз ауылында 3 автобус қарама-қарсы үш бағытта тұрғындарға қызмет көрсетіп жатқандығын айта кетейік.
Дулат БЕРІКҰЛЫ




