Бүгін елімізде жаңа бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтай депутаттарын сайлау басталды. Аталмыш саяси науқанда бәсекеге түсіп жатқан жеті саяси партияға азаматтар сайлау учаскелерінде дауыс беруде.
Бұл ретте Миялы ауылындағы «Арман» мәдениет үйінде орналасқан №143 учаскелік сайлау комиссиясы таңғы сағат 7.00-де өз жұмысын бастады. Еліміздің Әнұраны орындалған соң учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Ақтоты Тасжанова дауыс берудің басталғанын хабарлады.
Сайлау учаскесіне бірінші келіп дауыс берген Сәндібек Өтешовке учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Ақтоты Тасжанова Маралтай Райымбекұлының «Бір уыс топырақ» атты кітабын сыйға тартты. Алғаш болып дауыс бергендердің қатарында ерлі-зайыпты Сәрсенбай Құлқайыров пен Гүлмира Сәрсенғалиева, Өмірзақ Карин, 18 жастағы ең жас сайлаушы Азат Сағытжандар да бар.
Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ




