Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша 10 363 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды AtyrauPress
Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сілтеме жасап. ОСК ақпаратына сәйкес, ел аумағындағы сайлау учаскелерімен қатар, Қазақстаннан тыс жерде орналасқан 16 мемлекетте 19 сайлау учаскесінде дауыс беру басталған. Сайлаушылар тізіміне барлығы 12 605 788 азамат енгізілген. Олар бүгін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасайды.
Осылайша Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауы басталды. Дауыс беру ел аумағындағы және шетелдегі сайлау учаскелерінде белгіленген тәртіппен өтіп жатыр.




