Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҒАСЫР ӘЖЕНІҢ АҚ БАТАСЫ

Миялы ауылындағы учаскелік сайлау комиссиял мүшелері денсаулығына және қарттығына байланысты дауыс беруге келе алмайтын сайлаушылардың берген өтініштері негізінде сайлау жәшіктерін үйлеріне апарып, дауыстарын алды.

Солардың қатарында, өз таңдауын жасаған тыл ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, 102 жастағы әз ана Ұлжан Темірболатова да бар.

– Бұдан бұрын да талай сайлауға қатысып, дауысымды бердім. Сайлаудан қалып көрген емеспін. Өйткені өткізіліп жатқан әр саяси науқанның ел болашағы үшін маңызы зор. Ал бұған қатысу әр азаматтың борышы. Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын! Ұзақ ғұмыр беріп, ұрпақ қызығын көріңдер! - деген ақ батасын берді ғасыр әже.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT