Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ФУТБОЛШЫЛАР ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

 Соңғы жылдары кіші аяқ доптан жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүрген сағыздық футболшылар бүгінгі саяси науқаннан да тыс қалмай, өз таңдауларын жасады.

Кезекті жарыстарына дайындалып, жаттығудан шыққан бойда №9 орта мектепте орналасқан №156 сайлау учаскесіне келген аяқдопшылар өз дауыстарын беріп, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын дәлелдеді.

 – Бүгін кезекті жаттығудан кейін сайлауға келіп, өз таңдауымызды жасадық. «Біз – спортшымыз, саясатқа қатысымыз жоқ» деп сайлауға немқұрайлы қарауға болмайды. Спортшы болсын, әнші болсын, дәрігер болсын бәрі де осы елдің тұрғындары. Сондықтан саяси іс-шаралардан қалыс қалмай, бәріміз бір кісідей қатысуымыз керек, - дейді жас спортшы Қайырбек Хасенов.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT