Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЕЛДІ МЕКЕНДЕГІЛЕР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАДЫ

Сайлау күні шалғайдағы елді мекен тұрғындары да елеусіз қалмай, өз белсенділіктерін көрсетуде. Атап айтқанда, Сағыз ауылдық округіндегі №157 сайлау учаскесінде тіркеуде тұрған елді мекен тұрғындарына комиссия мүшелері үйлеріне арнайы барып, дауыс беруге мүмкіндік туғызды.

Нәтижесінде Кенбай елді мекенінде – 51 тұрғын, Қоңыраулы елді мекенінде – 63 тұрғын, Шолақсай елді мекенінде – 18 тұрғын, Былқылдақты елді мекенінде – 25 тұрғын, №265 разьезден – 6 тұрғын өз таңдауларын жасады. Комиссия төрағасы Жанар Түркістанованың айтуынша, учаскеде барлығы 1095 сайлаушы болса, олардың жүзден астамы алыс елді мекен тұрғындары. Сайлау аяқталғанша комиссия мүшелері барлық елді мекен мен қыстақты аралап, дауыс жинап шығады.

 Дулат БЕРІК

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT