Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда Құрылтай сайлауында дауыс беру аяқталды: заң бұзушылық тіркелген жоқ

Атырау облысында Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әсия Қыстаубаеваның айтуынша, саяси науқанның өту барысын өңір бойынша 1500-ден астам байқаушы бақылаған. Олардың қатарында саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірге халықаралық байқаушылар да болды. Облыста сайлау барысын 25 халықаралық ұйым өкілі қадағалаған. Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беру барысында Атырау облысының аумағында құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ. Сайлау учаскелері дауыс беру аяқталғаннан кейін бюллетеньдерді санауға кірісті.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT