Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері өз таңдауын жасады

Бүгін Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері де сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады.

 

Зауыт жұмысшылары Атырау қаласындағы №8 мектеп ғимаратында орналасқан №45 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

 

Өндірістегі жұмыс қарқынына қарамастан, қызметкерлер азаматтық белсенділік танытып, сайлауға қатысты. Демалыс күнгі күндізгі ауысымда жұмыс істейтін қызметкерлер үшін сайлау учаскесіне қатынауға арнайы автобустар ұйымдастырылған.

 

«Өндірісте жұмыс қарқынды жүріп жатса да, сайлаудан қалыс қалуды жөн көрмедік. Әр азаматтың өз таңдауы бар. Сондықтан жұмысымызды жалғастыра отырып, сайлау учаскесіне келіп, өз дауысымызды бердік. Бүгінде ел экономикасының маңызды бөлігі саналатын мұнай өңдеу зауытында 2500-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Демалыс күнгі күндізгі ауысымда жұмыс істейтін қызметкерлеріміз үшін арнайы автобустар ұйымдастырылды», – деді Күкірт шығару қондырғысы және құрамдастырылған күкірт шығару қондырғысының басшысы Балмұқан Сарекенов.

 

Айта кетейік, №45 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталды. Сағат 10:00-дегі мәлімет бойынша, аталған учаскеде 213 азамат өз таңдауын жасаған.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT