Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Atyrau Iron Team спортшылары ерекше форматта дауыс берді

Атырауда триатлон спортының өкілдері сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады. Atyrau Iron Team командасының спортшылары кәсіби жүзу экипировкасымен судан шығып, тікелей сайлау учаскесіне бет алды.Команда мүшелерінің бұл бастамасы дауыс берудің маңыздылығын ерекше форматта көрсетті.

Спортшылар ластары мен гидрокиімдерін шешпестен, су айдынынан сайлау учаскесіне дейін жаяу жүріп, дауыс беруге қатысты.Atyrau Iron Team өкілдерінің айтуынша, спорттағы белсенділікпен қатар, азаматтық жауапкершілік те маңызды. Осыған орай олар сайлау күні өз таңдауын жасап, ел өміріндегі маңызды саяси үдеріске үлес қосуды жөн көрген.

Бүгін Атырау облысында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дауыс беру үшін 278 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Өңір бойынша сайлаушылар тізіміне 428 127 адам бар.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT