Атырау облысы Индер ауданының тұрғыны, 18 жасқа толған Маханов Жәнібек бүгін алғаш рет сайлауға қатысып, азаматтық таңдауын жасады.
Жас сайлаушы үшін бұл күн ерекше есте қалмақ. Өйткені кәмелет жасына толып, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға алғаш рет қатысу — азаматтық жауапкершіліктің алғашқы қадамдарының бірі.
— Бүгін мен үшін ерекше күн. Сайлауға алғаш рет қатысып, өз таңдауымды жасағаныма қуаныштымын. Бұл — жай ғана дауыс беру емес, өз елімнің, өз өңірімнің болашағына қатысты пікірімді білдіру деп түсінемін. Әр азаматтың дауысы маңызды деп ойлаймын. Сондықтан бүгін өз міндетімді орындағаныма қуаныштымын, — деді Жәнібек Маханов.

Жас сайлаушының айтуынша, ел болашағына бейжай қарамай, өз азаматтық құқығын пайдалану — әрбір жастың жауапкершілігі.
Жәнібектің алғашқы сайлауы қатарластарына да үлгі болып, жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына серпін берері сөзсіз.





