Түс ауа Сағыз ауылындағы №157 сайлау учаскесіне «Сагиз Петролеум Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бір топ мұнайшысы келіп, өз таңдауларын жасады.
Осы ретте, сағыздық мұнайшы Жеңісбек Әбілханов:
– Осы компанияда қызмет жасап келе жатқаныма он жылдан асты. Біз үнемі саяси науқаннан қалыс қалмай, өз таңдауымызды жасап жүрміз. Бұл біздің азаматтық борышымыз деп білеміз, - дейді.
Қазіргі таңда аталмыш мұнай компаниясының 28 мұнайшысы өз таңдауын жасап үлгерді.
Дулат ҒҰБАЙДОЛЛА




