Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің мәжіліс залында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Тәлім мен тәрбие» тақырыбында танымал тұлғалармен кездесу іс-шарасы өтті.
Жиынға Атырау қаласы көлеміндегі спорттық мекемелердің жаттықтырушылары, жалпы білім беру және арнаулы орта оқу орындарының «Дене тәрбиесі» пәні мұғалімдері қатысты. Жалпы қатысушылар саны – 150 адам.
Іс-шараның модераторы – Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Сыдықов Нұрбол Тұрарұлы.
Кездесудің мақсаты – «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының идеологиялық негіздерін талқылау, жас ұрпақ тәрбиесіндегі мұғалім мен жаттықтырушының рөлін айқындау, сондай-ақ спорт арқылы тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мәселелерін көтеру.
Жиын барысында бала тәрбиесіндегі отбасы құндылықтары, әке рөлінің маңызы, спорт пен білім саласының ортақ жауапкершілігі кеңінен сөз болды. Қатысушылар жас буынға өмірлік бағдар берудегі тәлімгерлік институтының маңызын атап өтті.
Кездесуге арнайы шақырылған құрметті қонақтар:
Қожиев Болат Сандыбайұлы – Қазақстандық спорт ардагерлері одағының Атырау облыстық филиалының төрағасы.
Раушанов Асан Сайынұлы – Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері, дзюдодан Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы, VI дан ақ-қызыл белбеу иегері, № 4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры.
Маратова Гаухар Ғалымжанқызы - Қала прокуратурасының бөлім прокуроры
Жиын барысында бала тәрбиесіндегі отбасы құндылықтары, әке рөлінің маңызы, спорт пен білім саласының ортақ жауапкершілігі жан-жақты талқыланды. Спикерлер спорттың тек дене шынықтыру құралы ғана емес, тәртіптілік, жауапкершілік, отансүйгіштік пен рухани құндылықтарды қалыптастыратын маңызды тәрбие алаңы екендігін атап өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар пікір алмасып, сұрақ-жауап форматында кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу қорытындысында жас ұрпақтың тұлғалық қалыптасуына бағытталған ортақ ұстанымдарды нығайту, спорт пен білім саласындағы тәрбие жұмысын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды.



