Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЗАҢ – ҚОҒАМДЫҚ БІРІКТІРУШІ КҮШ

Заң үстем болмаған елде әділдік орнамайды. Шын мәнінде заң мен тәртіпті қоғамды біріктіріп ұстап тұр¬ған күш ретінде түсіндіруге болады. Азаматтары заңға сенуден қалып, ережелері орындалмай жатқан елдің құрдымға кетуі оңай. Ондай елді кірпіші біртіндеп мүжіле бастаған үйге ұқсату керек.

Бұл – қоғамға да қатысты теңеу. Біздің әрқайсысымыз «ештеңе етпейді» деген оймен заң бұза берсек, әділдіктің өзегін шірітеміз. Сондай-ақ заңды берік ұстану ұлттық қауіпсіздікке тікелей ықпал етеді. Егер балаларыңыз құқығы қорғалатын дамыған мемлекетте өмір сүргенін қаласаңыз, заңды сақтауды, тәртіпке бағынуды өзіңізден бастаңыз. Бұған дейін тарихи талай қиын кезеңнен өткен Қазақстанның келешегі қандай болатыны бүгінгі бізге тікелей байла¬нысты.
Ардақ САҒИЕВ,
Ішкі істер саласының ардагері

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT