Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Тазалық – ортақ іс

«Таза Қазақстан» акциясы аясында қоршаған ортаның тазалығын сақтау, санитарлық талаптарды күшейту және жеке кәсіпкерлер мен тұрғындардың жауапкершілігін арттыруды мақсатында Индербор кентінде тазалық рейді ұйымдастырылды. 

Рейдке аудан әкімінің орынбасары А.Мурзин, кент әкімдігі және аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер өкілдері, сондай-ақ полиция қызметкерлері қатысты.

Рейд барысында куә болғанымыз Д.Қонаев көшесіндегі «129 пәтерлік» бес қабатты үйдің алдында темекі тұқылдары жағалай шашылып жатыр. «56 пәтерліктің» бірінші қабатындағы жеміс-жидек дүкенінің тіпті атауы да жоқ.

«Көктем» мөлтек ауданындағы Д.Нұрпейісова, Көктем көшелерінде де кемшіліктер аз емес. Кейбір жеке тұрғын үйлердің алдында құрылыс материалдарының қалдықтары ретсіз үйіліп жатыр. 

Рейд барысында 3 кәсіпкерлік нысан иесі мен 7 жеке тұрғынға тиісті заңдылыққа сәйкес жауапкершілік қарастырылатыны жөнінде алдын ала ескерту хабарламаларын табыстады.

С.Базарбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT