«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің тазалығы мен көркеюіне бағытталған маңызды бастама.
Тазалық сақтау – тек сенбілік кезінде емес, күнделікті өмірде әр азаматтың жауапкершілігі болуы тиіс. Аула мен көшені таза ұстау, қоқысты белгіленген орынға тастау, табиғатты аялау арқылы туған жеріміздің көркейіп, жайлы орта қалыптасуына үлес қоса аламыз. Таза әрі көрікті Қазақстан – баршамызға ортақ мақсат!



