Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Таза ауыл – жарқын болашақ кепілі

 Тазалық – әрбір тұрғынның мәдениеті мен жауапкершілігінің айнасы. Ауылдың көркі де, тұрғындардың денсаулығы мен тұрмыс сапасы да қоршаған ортаның тазалығына тікелей байланысты.

Сондықтан ауыл көшелерін, қоғамдық орындарды және өз ауламызды таза ұстау – бәрімізге ортақ міндет. Бүгінде елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, экологиялық мәдениетті қалыптастыруды және елді мекендерді абаттандыруды көздейді. Бағдарлама аясында сенбіліктер ұйымдастырылып, көгалдандыру, қоқыс жинау және тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Таза ауыл – тек сенбілік күндері ғана емес, күнделікті қалыптасатын тәртіптің нәтижесі. Әр тұрғын өз ауласы мен көшесінің тазалығына бейжай қарамай, туған жердің көркеюіне үлес қосса, ауылымыз одан әрі ажарлана түседі. Туған жердің тазалығы – келешек ұрпақ алдындағы аманат. Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасын қолдап, ауылымызды таза, көрікті әрі жайлы мекенге айналдыруға бәріміз атсалысайық.

 Нұрсәуле Жауынбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT