Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Сайлау учаскелерінде Брайль қарпі бар трафареттер қолжетімді болады

 Мүгедектігі бар адамдардың өз бетінше дауыс беру мүмкіндігі болуы тиіс. Осы мақсатта Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) дауыс беруге арналған бюллетеньге арнайы Брайль қарпі бар трафареттер әзірлейді. ОСК отырысында аталған трафаретті көрсетіп, оның сайлау күні еліміздің барлық сайлау учаскелерінде қолжетімді болатыны атап өтілді.

«Трафареттің мазмұны дауыс беруге арналған бюллетеньге толығымен сәйкес келеді және екі тілде әзірленген. Брайль қарпінің бедерлі-нүктелі таңбалары кәдімгі баспа мәтінімен салыстырғанда көбірек орын алатынын ескерсек, трафарет екі жақты етіп жасалған. Алдыңғы жағында бюллетеньнің атауы туралы ақпарат, ал артқы жағында сайлауға қатысатын саяси партиялардың атаулары және «Бәріне қарсымын» жолы жазылған.

 «Трафаретті әзірлеу және дайындау барысында бюллетеньге сәйкестік талаптары, сондай-ақ мамандар мен Брайль қарпін пайдаланушылардың практикалық ұсынымдары ескерілді», деді ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндік.

 Айта кетейік, Брайль қарпі бар мұндай трафарет – мүгедектігі бар адамдарға қажетті ақпаратпен танысып, өз бетінше дауыс беруге мүмкіндік беретін жалғыз тәсіл емес. Әрбір сайлау учаскесінде арнайы бұрыштар ұйымдастырылған. Онда диагоналі кемінде 54 сантиметр болатын мониторы бар компьютер қарастырылған.

 Компьютерде партиялық тізімдерін ұсынған жеті саяси партия туралы Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мәліметтердің стандартты жиынтығына сәйкес бірыңғай форматта аудиоақпарат, сондай-ақ басқа да аудио және бейнематериалдар орналастырылған. Арнайы бұрышта құлаққаптар, қосымша жарықтандыру құралдары және үлкейткіш лупа да қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT