Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - ЕЛ БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ

Тәуелсіз еліміздің ең басты құндылықтарының бірі - мемлекеттік тіліміз екені белгілі. Қазақ тілі – халқымыздың тарихын, мәдениетін, ұлттық болмысын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін рухани мұра.

Сондықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Бүгінде ауданда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік мекемелерде іс жүргізу мемлекеттік тілде жүзеге асырылып, ресми жиындар мен қоғамдық іс-шараларда қазақ тілінің қолданысына ерекше мән берілуде. Білім беру ұйымдарында, мәдениет ошақтарында, кітапханаларда ана тіліміздің қадір-қасиетін дәріптейтін түрлі байқаулар, кездесулер мен әдеби кештер тұрақты ұйымдастырылып келеді. Дегенмен, тіл мәселесі тек мемлекеттік мекемелердің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін ұмытпауымыз қажет.

 - Мемлекеттік тілдің мәртебесі ең алдымен күнделікті өмірде, отбасы тәрбиесінде, қызмет көрсету орындарында, кәсіпкерлік нысандарында және жастардың қарым-қатынасында көрініс табуы тиіс. Әсіресе, жарнама мәтіндерінің сауатты жазылуы, көрнекі ақпараттардың заң талаптарына сай рәсімделуі, халыққа қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілдің басымдығы сақталуы – бүгінгі күннің маңызды талаптарының бірі. Ауданда бұл бағытта атқарылар жұмыс әлі де жеткілікті. Мемлекеттік тілді насихаттау тек мерекелік шаралармен шектелмей, тұрақты қоғамдық қозғалысқа айналғаны жөн. Жастардың қазақ тіліндегі кітап оқуға қызығушылығын арттыру, әлеуметтік желілерде сапалы қазақтілді контентті көбейту, тұрғындар арасында тіл мәдениетін қалыптастыру – уақыт талабы. Тіл – ұлттың жаны. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру арқылы біз ұлттық құндылықтарымызды сақтап қана қоймай, ел бірлігін нығайтып, болашақ ұрпаққа берік рухани негіз қалдырамыз. Сондықтан әрбір аудан тұрғыны өз қызметінде, қоғамдық ортада және күнделікті өмірінде мемлекеттік тілдің беделін арттыруға үлес қосуы қажет, - дейді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Гаухар Құрманғазиева.

 «Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады» деген қанатты сөздің мәні бүгінгі күні бұрынғыдан да маңызды. Ана тіліміздің абыройын асқақтату – елге, жерге деген құрметтің айқын көрінісі. Мемлекеттік тілдің мәртебесі биік болған сайын, мемлекетіміздің де мерейі үстем болары сөзсіз.

 Нұрсәуле Жауынбаева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT