Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Авторлық құқықты қалай қорғауға болады?

«Өзімнің туындыма құқығымды қалай қорғауға болады?» - осы сұрақ шығармашылық жолында пайда болған туынды авторының көкейінде болуы мүмкін. Ия, жасаған туындыңды қорғау, жариялау немесе туындың арқылы пайда табу үшін авторға алдымен туындыны тiркеу, туындыны өзге де жолмен арнайы ресiмдегені абзал.

Авторлық құқық зияткерлік меншікті қорғайтын нысанның бірі, ғылым, мәдениет және өнер туындыларын жасаудағы және қолданудағы құықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы және автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары. Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады. 
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін авторлық құқықты қорғауға үлкен мән берілген. Соған орай, 1996 жылың 10 маусымында «Авторлық құқық пен сабақтас құқық»  туралы заңы қабылданды. Бұл заң,1886 жылы 9 қыркүйекте Швейцарияның Берн қаласында қабылданған «Берн Конвенциясының» талаптарына сәйкес келеді.Қазақстан азаматтарымен жасалған өнер туындыларының авторлық құқығы, олардың қайда тіркелгендігі немесе тіпті тіркелмегендінен тәуілсіз, мәдени және әдеби өнер туындыларын қорғауға байланысты Берн конвенциясының қатысушылары болатын барлық елде қорғалады.Осы бағыттаҚазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған Әділет министрлігі авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырып келеді және бүгінгі күнге дейін орасан жұмыстар атқаруда.
         Автолық заңымызға сәйкес, авторлық құқықты :
      1) әдеби туындыларға; 
      2) драмалық және музыкалық-драмалық туындыларға; 
      3) сценарий туындыларына; 
      4) хореография және пантомима туындыларына; 
      5) мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындыларға; 
      6) дыбыс-бейне жазу туындыларға; 
      7) кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындыларына; 
      8) қолданбалы өнер туындыларына; 
      9) сәулет, қала құрылысы, дизайн және бау-саябақ өнерi туындыларына; 
      10)суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстер мен жасалған туындыларға; 
      11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындыларға;
      12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларға; 
      13) өзге де туындыларға алуға болады. 


 Сонымен қатар, туынды иелерінде «Авторлық құқық қашан пайда болады?»- деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындысы жасалу фактiсiне қарай туындайды. Яғни сіздің туындыңыз пайда болғаннан сәттен бастап, сізде «авторлық құқық» пайда болады. 
Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу, туындыны өзге де арнайы ресiмдеу немесе қандай да болсын шарттылықты сақтау талап етiлмейдi. Яғни, бұл жерде де туынды иесіне өзінің авторлық құқығын тіркету міндеттелмеген.
Алайда, жоғарыда айтып өткеніміздей туындыңды қорғау, жариялау немесе туындың арқылы пайда табу үшін алдымен авторлық құқықтыресімдеп алған абзал. Яғни, автор жарияланбаған туындыға жеке мүлiктiк емес құқықтарын куәландыру үшiн авторлық құқықтың қорғалатын мерзiмi iшiнде кез келген уақытта қажетті мәліметтерді осы Заңға сәйкес Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тiзiлiміне енгізуге құқылы. 
Осы орайда, елімізде Әділет министрлігіне ведомстволық бағынысты «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жұмыс атқарып жатыр. Бұл сараптама ұйымының негізгі қызметінің бірі, ол авторлық құқық туралы мәліметтерді және олардың өзгерістерін тізілімге енгізу, тізілімді жүргізу және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.
Тізілімге енгізу үшін автор өтінішпен Ұлттық зияткерлік меншік институтына жүгінуі тиіс. Бұл жерде толық ақпаратты Ұлттық зияткерлік меншік институтының kazpatent.kz сайты арқылы білуге болады.
Өздерiнiң айрықша мүлiктiк құқықтары туралы хабарлау үшiн автор және (немесе) құқық иеленушi авторлық құқықты қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, ол белгi туындының әр данасына қойылады және мiндеттi түрде мынадай үш элементтен тұрады: 
      1) қоршауға алынған латынша "С" әрпi; 
      2) айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмi (атауы); 
      3) туындының алғаш жарияланған жылы.
Авторлық құқықты қорғау белгісінің болмауы, авторлық құқықтың қорғалмайтынын білдірмейді, себебі, авторлық кұқық туындының пайда болған кезінен басталып және авторлық құқықты қорғау үшін туындының тіркелгендігі немесе басқада бір формалдықты қажет жоқтығын білдіреді.
Авторлық құқықтың қорғау белгілері бар немесе жоқтығы туындыны лицензиялауға әсер етпейді.  Авторлық құқық автордың бүкіл ғүмырында және автор қайтыс болғаннан кейін 70 жыл көлемінде сақталады. Авторлық құқығы, атына құқығы, автордың атағын қорғау құқығы мерзімсіз сақталады.
Туынды иелерімен жиі қойылатын сұрақтардың бірі «туынды арқылы пайда табу» мәселесі.
Ол үшін авторға өз құқығын қандай категорияға жатқызатындығын анықтаған жөн. Нақты айтатын болсақ, авторлық құқық және авторлық құқық объектілері бірнеше категорияларға бөлінеді:
Мүліктік және мүліктік емес авторлық құқықтар. Айрықша және айрықша емес авторлық құқықтар. Өнер туындыға айрықша құқығы бар адамдар оны жеке-дара қолдануға құқылы және басқа адамдардың өнертабысты қолдануына тиым сала алады. Өнертабыстың авторы, өз құқығын үшінші тұлғаға бермесе (айрықша қүқыктарын беру туралы авторлық келісім-шарт жасамаса), айрықша құқыққа ие болады.
Өнер туындыға айрықша емес құқығы бар тұлғаға және осындай әдіспен аталған өнертуындыны қолдану үшін рұқсат алған басқа да тұлғаларға, өнертуындыға айрықша құқығы бар түлғамен бірдей қолдануына қүқығы бар. Егер шартта өзгеше көзделмесе, авторлық келісім-шартпен берілген құқықтар айрықша емес деп саналады.
Мүліктік емес авторлық құқық ол жеке құқық болғандықтан, онымен мүліктік құқық сияқты: сатуға, сатып-алуға, сыйлауға, мұралық етуге жасауға болмайды.
Сонымен бірге, кез келген автор, оның мұрагерi өздерiнiң мүлiктiк құқықтарын мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымға беруге құқылы, ал ұйым, егер құқықтардың мұндай санатын басқару осы ұйымның жарғылық қызметiне жататын болса, бұл құқықтарды ұжымдық негiзде жүзеге асыруды өз мойнына алуға мiндеттi. Яғни сіз өз туындыңыздың авторы ретінде туындыны пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алуға құқығыңыз бар, оның мөлшерi мен есептелу тәртiбi авторлық шартпен, сондай-ақ авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдармен жасасатын шарттармен белгiленедi.
Бұл ұйым өзi өкiлi болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң атынан әрi олардан алынған өкiлеттiк негiзiнде мынадай қызметтердi атқаруға: 
      1) басқарып отырған құқықтарды пайдалануға пайдаланушылармен лицензиялық шарттар жасасуға; 
      2) сыйақы мөлшерiн және лицензиялық шарттар жасалған басқа да жағдайларды пайдаланушылармен келiсуге; 
      3) лицензиялық шартын жасаспай, осындай сыйақы жинаумен шұғылданатын жағдайларда сыйақы мөлшерiн пайдаланушылармен келiсуге; 
      4) лицензиялық шартта көзделген сыйақыны және лицензиялық шартын жасаспай сыйақыны жинауға; 
      5) жиналған сыйақыны өзi өкiлi болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерiне бөлуге және төлеуге; 
      6) осындай ұйым басқаратын құқықтарды қорғауға қажеттi кез-келген заңды әрекеттердi жасауға тиiс. Бұл сізге шығармашылық негізінде пайда болған туындыңызды мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымға беру арқылы пайда табуға және бұзылған авторлық құқығыңызды қорғауға мүмкіндік береді.

 


Атырау облысы Әділет департаментінің
Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің 
жетекші маманы
Айнұр Иманбаева

 

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT