Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Жастар театры» өз таңдауын жасады

Атырау қаласындағы Жастар театры ұжымы референдум күні дауыс беруге қатысып, елдегі маңызды саяси науқаннан тыс қалмайтындарын көрсетті. Театр әртістері Д. Қонаев атындағы BINOM мектебі ғимаратында орналасқан референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.

Өнер ұжымы дауыс беру учаскесіне қазақтың ұлттық киімін киіп келіп, хормен ән орындап, дауыс беруге келген тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Театр актері Игілік Әмір өнер ұжымының азаматтық белсенділігін атап өтті.

 “Еліміздің болашағы жастардың қолында екенінескеріп, «Жастар театры» ұжымы болып өз таңдауымызды жасауға келдік. Әр азамат ел тағдырына бейжай қарамай, осындай маңызды сәтте өз дауысын беруі керек деп ойлаймын, – деді ол.

Айта кетейік, «Жастар театрының» құрамында 30 жас әртіс бар. Ұжым мәдени шаралар ғана емес, қоғамдағы маңызды оқиғаларға да белсенді қатысып келеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT