Еліміздің болашағына бейжай қарамайтын әр азамат үшін сайлау мен референдум сияқты маңызды саяси науқандарға қатысу – үлкен жауапкершілік.
Осы орайда бір әулеттің келіндері ұйымшылдық танытып, Жангелдин ауылдық № 146 дауыс беру учаскесіне бірге барып, өз таңдауларын жасады. Бұл – бірлік пен ауызбіршіліктің жарқын көрінісі. Әулет келіндері елдегі өзгерістер мен бастамаларға немқұрайлы қарамай, қоғам өміріне белсенді араласудың үлгісін көрсетті. Мұндай игі қадам жастарға да үлгі болары анық.
Өз тілшіміз


