Тасшағыл орта мектебінде орналасқан №149 учаскелік референдум комиссиясы да өз жұмысын уақытында бастады.
Мұнда референдумға қатысатын 1021 адам бар. Оның 52-мі Қоғам және Қоныстану 30 елді мекенінде тұрады. Бұл референду учаскесінде де алғаш болып зейнеткерлер дауыс берді. Зейнеткер Болат Садықов «Өз дауысымыздың маңызды екендігіне сенім артып, жұбайыммен келіп таңдау жасадық» дейді. Учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Беркінғали Бердешовтің айтуынша, еліміз үшін маңызды күнде әркім өз таңдауын жасап жатыр. Мұнда әр адамның дауысы маңызды болғандықтан референдумнан ешкім қалыс қалмауы тиіс.
Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ


