Бүгін Атырау қаласы, Алмалы ауылдық округіне қарасты №227 референдум учаскесінде сайлаушылар үшін нағыз мерекелік атмосфера орнады.
Дауыс беруге келген тұрғындарды ұлттық нақыштағы «Бауырсақ пати» іс-шарасы қарсы алды. Дауыс берушілер азаматтық міндеттерін орындап қана қоймай, қазақтың ақ дастарханынан дәм татып, ыстық бауырсақтан ауыз тиді. Мұндай бастама тұрғындардың белсенділігін арттырып, референдум күніне ерекше жылулық сыйлады.


