Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ӘР АДАМНЫҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ

 Х.Досмұхамедов атындағы орта мектепте орналасқан №144 учаскелік референдум комиссиясы тізіміне дауыс беретін 1583 адам енген.

Дауыс беруге бірінші келген ауыл тұрғыны Қайрат Мұратқа учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Бекжан Салықов сый сияпат жасады. Жасы 23-ке келгенімен бірінші рет дауыс беріп тұрған ол вахталық жұмыста болуына байланысты бұған дейінгі сайлаулар мен референдумдарға қатыса алмай жүргенін тілге тиек етті. Ертемен келіп өз таңдауын жасаған ауданның Құрметті азаматы Хамидолла Әбдірахманов бүгінгі өтіп жатқан референдум елімізде маңызды шара болып табылатындығын, оған мүмкіндігінше барлық тұрғын қатысуы тиіс екендігін, өйткені ел болашағы үшін әр адамның дауысы маңызды екендігін жеткізді.

 Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT