№146 учаскелік референдум комиссиясына 18 жастағы Перизат Төлеген алғаш рет дауыс беріп, өз азаматтық таңдауын жасады.
Бұл сәт жас сайлаушы үшін маңызды кезеңдердің бірі болды. Өйткені ол ел өміріндегі маңызды кезеңге алғаш рет қатысып отыр. Алғаш рет дауыс беру – әр жас азамат үшін жауапкершілігі мол қадам. Жас сайлаушылардың қатысуы азаматтық белсенділіктің жаңа буын арасында да қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. №146 учаскеде дауыс беру барысы бірқалыпты жалғасып, тұрғындар өз таңдауларын жасауда. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Гүлмира МАҚСОТ


