Бүгін Тайсойған ауылдық округі әкімін сайлау өткізіліп жатыр. Таңғы сағат 7:00-де басталған дауыс беру қыза түсті.
Жергілікті тұрғындар саяси науқаннан қалыс қалмай, өз таңдауларын жасауда. Бұл күні дауыс беру учаскелеріне отбасылармен бірге дауыс бергендердің үлесі жоғары. Олардың қатарында Көпжасаровтар отбасы бар. Шаңырақ иелері ауыл үшін маңызды күнде Тайсойған ауылындағы №154 сайлау учаскесіне бірге келіп, таңдауларын жасады.
Мен бүгін сайлауға қатысу үшін отбасыммен дауыс беруге бірге келдік. Себебі ауыл үшін маңызды күннен тысқары қалуға болмайды. Ауылдың дамуы өзіміз үшін керек. Туған жерін шексіз қадірлейтін әрбір азамат, ауыл тағдыры сынға түсіп, азаматтар бақ сынап жатқан сәтте өз таңдауын жасау керек, - дейді Түсіп Көпжасаров ақсақал.
Нұрсәуле Жауынбаева




