Атырау қаласындағы №92 референдум учаскесінде “Ассамблея жастары” РҚБ Атырау облысы өкілдігінің төрағасы Нұрхан Бағытжанов республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.
Ол учаскеге келіп, дауыс беріп, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлесін қосты. Нұрхан Бағытжанов референдумға қатысу – әрбір азаматтың азаматтық борышы екенін атап өтті.
— Бүгін мен азаматтық міндетімді өтеп, өз дауысымды бердім. Бұл – еліміздің болашағына бей-жай қарамайтын әрбір азамат үшін маңызды шешім. Барша қазақстандықтарды, әсіресе жастарды дауыс беруге шақырамын, — деді ол.


