Еліміз бойынша өткзіліп жатқан референдумға аудан тұрғындары немере-жиендерін де ертіп келіп, таңдау жасады. Солардың бірі – ауданның құрметті азаматы Жауқаш Тұрдағалиев.
Жұбайы Бағытжамал, бала-келіні Жәнібек-Ләззат және немере-шөберелерімен келіп, дауыс берген Жауқаш Тұрдағалиев өзгелерге үлгі болды.
– Еліміздің игілігі үшін, халқымыздың әлеуметтік жағдайының жақсаруы үшін референдумға келіп, дауыс бердік, - дейді ол.


