Қойнауы қазынаға толы ауданымызда үлкенді-кішілі бірнеше кен орны бар екендігі анық. Осы орайда, бүгінгі референдумда мұнай өндірісі саласында вахталық әдіспен жұмыс жасап жатқан жұмысшылар да өз таңдауын жасап үлгерді.
Мәселен, Сағыз ауылындағы №9 орта мектепте орналасқан №157 учаскелік референдум комиссиясында барлығы 1059 таңдаушы тіркелсе, оның 100-і вахталық әдіспен жұмыс жасайтын “Сағыз-Петролеум”компаниясының мұнайшылары. Аталмыш учаскедегі референдум комиссиясының төрағасы Жанар Түркістанованың айтуынша, сағат 11:00-ге дейін бірнеше мұнайшы дауыс берген. Осылайша, мұнайшылар да белсенділік танытып, ел болашағына немқұрайлы қарамайтындарын көрсетуде.
Дулат БЕРІК


