Бүгін Мұқыр ауылдық округінде округ әкімінің сайлауы өтуде. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше аталмыш сайлауға үш кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен түсіп отыр.
Округ әкімінің сайлауы №159, 160, 161 және №163 сайлау учаскелерінде таңғы сағат жетіден бастап өтіп жатыр. Аталмыш төрт учаскеде барлығы 2535 сайлаушы бар. Олар кешкі сағат 20:00-ге дейін өз таңдауларын жасайды.
Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН




