Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Қазақстанның Құрметті журналисі Төлеген Жаңабай референдумда дауыс берді

Қазақстанның Құрметті журналисі, жазушы-өлкетанушы Төлеген Жаңабай республикалық референдумда дауыс берді. Ол Атырау қаласындағы №32 орта мектепте орналасқан №62 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

— Бүгінгі еліміздегі көптен күткен маңызды үрдіске мен де қатысып отырмын. Өз таңдауымды жасап, дауыс бердім. Референдум учаскесіне халықтың көптеп келуі — елдің саналы екенін, мемлекетіміздің алға ілгерілеп келе жатқанын көрсетеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, береке-бірлігіміз арта берсін, — деп ақ батасын берді.

 Учаскедегі тіркелген ең үлкен жастағы дауыс беруші ретінде Төлеген Жаңабайға арнайы сыйлық табыс етілді. Айта кетейік, №62 референдум учаскесінде барлығы 2257 адам тіркелген. Оның ішінде 18 жасқа жаңа толған 8 азамат және 7 мүмкіндігі шектеулі жан бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT