Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Қазақстандағы референдумдар тарихы

Тәуелсіз Қазақ елінің тарихында референдумдар елдің саяси жүйесінің қалыптасуы мен дамуына елеулі ықпал етіп келеді. Қазақстан Республикасының тарихындағы алғашқы республикалық референдум 1995 жылғы 29 сәуірде өтті. Мұнда елдегі президенттік басқару жүйесіне қатысты маңызды мәселе – Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттік мерзімін ұзарту мәселесі қаралды. Ресми деректер бойынша, референдумға сайлаушылардың 91,21 пайызы қатысқан.

Сол жылдың 30 тамызында өткен екінші референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Онда «1995 жылғы 1 тамызда баспасөзде жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ қойылды. Ресми мәліметтерге сәйкес, дауыс беруге сайлаушылардың 90,6 пайызы қатысқан. Олардың шамамен 90 пайызы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берген. Бұл құжат еліміздің мемлекеттік құрылымын айқындап, құқықтық мемлекеттің негізін қалады.

Кейінгі жылдары да Конституцияны жетілдіруге бағытталған реформалар жалғасын тапты. 2022 жылғы 5 маусымда өткен республикалық референдумда елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды конституциялық өзгерістер қабылданды. Бұл реформалар билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтып, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін кеңейтуге бағытталды. Қазақстан тарихындағы үшінші республикалық референдум ел Конституциясына ауқымды өзгерістер енгізуге арналды. Бұл өзгерістер елдегі саяси институттарды жаңарту мен билік тармақтарының тепе-теңдігін күшейтуге бағытталды.

Қазақстан тарихындағы тағы бір маңызды саяси оқиға – 2024 жылы өткен республикалық референдум. Бұл жолы халықтың талқылауына елімізде атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі ұсынылды. Осы арқылы Қазақстанда қоғамдық пікірдің ролін арттырып, азаматтардың мемлекеттік шешімдерге қатысу мүмкіндігін кеңейте түсті. Сонымен бірге қоғамда ашық пікірталас мәдениетінің қалыптасуына ықпал етті.

Елімізде биыл тағы бір маңызды саяси кезең басталды. Бүгінгі референдум – сол реформалардың заңды жалғасы ретінде қарастырылып отыр. Бұл жолғы  республикалық референдумда ел азаматтары Конституция жобасына қатысты өз пікірін білдіреді. Бұл – мемлекет дамуының келесі кезеңін айқындайтын, бүкіл қоғам назарын аударған маңызды оқиға.

Халықтың таңдауы – әрқашан мемлекеттің болашағын айқындайтын басты фактор болып қала береді.

Рита ӨТЕУҒАЛИ

Сурет: kerbulaq.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT