Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҮЙДЕН ДАУЫС БЕРДІ

 Мұқыр ауылдық округінде өтіп жатқан округ әкімі сайлауында сайлау учаскесіне келе алмайтын қарттар мен денсаулығы сыр берген жандар үшін үйден дауыс беру мүмкіндігі ұйымддастырылды.

Түстен кейін комиссия мүшелері арнайы дауыс беру жәшіктері арқылы үйден дауыс беруге өтініш берген тұрғындардың үйіне арнайы беріп, олардың өз таңдауларын жасауға жағдай жасады.

Солардың бірі - аталмыш ауылдың қарт тұрғыны Асыл Дүйсекенова:

 «Бұрын сайлаулардан қалмайтын едім. Қазір үлкейдік. Сол үшін өз үйімнен таңдау жасап отырмын» деп ағынан жарылды.

 Дулат БЕРІК

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT