Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЕРЕКШЕ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

 Бүгін жаңа Конституцияны қабылдауға байланысты өтіп жатқан жалпыхалықтық референдум Қызылқоға ауданында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, елдің болашағына бейжай қарамайтын тұрғындардың белсенді қатысуымен өз мәнінде өтуде.

Бұл маңызды саяси науқанға аудан халқы үлкен жауапкершілікпен қарап, таңғы сағат 7:00-ден бастап дауыс беру учаскелеріне келіп, өз азаматтық міндеттерін орындауда. Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты ауданға қарасты Ойыл ауылдық округінің тұрғындары да ерекше белсенділік танытып отыр. Ауыл тұрғындары референдумды ел дамуының маңызды кезеңі ретінде қабылдап, ортақ болашақ үшін өз таңдауларын жасауда. Атап айтқанда, Жасқайрат ауылының тұрғыны Құлбаевтар әулеті аталған округтегі сайлау учаскесіне ұлттық нақыштағы киімдерін киіп, бала-келіндерімен бірге арнайы барып, дауыс берді. Әулет үлкендері елдің бірлігі мен тұрақтылығы ең алдымен халықтың ынтымағы мен жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтті.

Сондықтан олар референдумға қатысуды әрбір азаматтың парызы деп санайды. Ұлттық дәстүр мен отбасы бірлігін көрсеткен Құлбаевтар әулетінің бұл қадамы ауыл тұрғындарына да ерекше әсер қалдырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT