Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум басталды

  Орталық референдум комиссиясының мәліметі бойынша, еліміз бойынша 10 388 дауыс беру учаскесі дайындалды.

Дауыс берушілер тізіміне 12,4 миллионнан астам азамат енгізілген. Дауыс беру күні 622 арнайы учаске де жұмыс істейді – олар әскери бөлімдерде, медициналық мекемелерде және перзентханаларда ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, 634 учаске азаматтардың уақытша тұрып жатқан жерлерінде ашылған. Бұдан бөлек, Қазақстанның 51 елдегі шетелдік мекемелерінде 74 учаске жұмыс істейді. Учаскелердің басым бөлігі жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT