Жангелдин ауылындағы №146 учаскелік референдум комиссиясы таңнан бері жұмыс жасауда. Келушілер қарасы да көп.
Осындай маңызды күні дауыс беруге келген ауданның Құрметті азаматы Дәмеш Есқуатова ауыл тұрғындарын қалыс қалмауға шақырды. Ал Көздіғара ауылындағы "Самал" мәдениет үйінде орналасқан №148 учаскелік референдум комиссиясына1003 дауыс беруші тіркелген. Қазіргі уақытта келушілер белсенділігі жоғары.
Гүлмира Мақсот


