Миялы ауылындағы «Арман» мәдениет үйінде орналасқан №143 учаскелік референдум комиссиясы таңғы сағат 7.00-де өз жұмысын бастады.
Еліміздің Әнұраны орындалған соң учаскелік референдум комиссиясының төрайымы Ақтоты Тасжанова референдумға дауыс берудің басталғанын хабарлады. Референдум учаскесіне бірінші болып келген зейнеткерлер Қанат Құмар мен Гүлшара Сары бюллетеньдерін толтырып, жәшікке салды. Мәлік Бегешов дауыс берді. Алғаш болып дауыс бергендердің қатарында зейнеткерлер Базарбай мен Нұржамал Ғалымжановтар да бар.
«Дауыс беру құқына ие болғаннан бері елімізде өткен сайлаудан қалып көргеніміз жоқ. Бүгінгі өтіп жатқан референдумға қатысып, еліміздің болашағы үшін дауыс беру мен үшін маңызды. Бұл біздің азаматтық міндетіміз» дейді олар.
Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ


