Еліміз бойынша өткзіліп жатқан референдумға ойылдық тұрғындар бір кісідей атсалысуда. Қазіргі таңда учаскеге тіркелген дауыс берушілердің 200-і дауыс берген.
Азаматтық борышым деп келген ауыл жастары да көп. Тұрғындарға мерекелік көңіл күй ұйымдастыру мақсатында спорттық шаралар, ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.
-Референдумға келген халықтың көңіл күйі көтеріңкі. Бір әулеттің бала-келіндері де, жасы үлкен қарттарымыз да белсенділікпен келуде. Ауылдан мерекенің лебі есіледі,- дейді 147 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Айнұр Қосдәулетова.
Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ


