Миялы ауылында үш сайлау учаскесі бар. Соның бірі – “Арман” мәдениет үйінде орналасқан №143 сайлау учаскесі. Сайлау учаскесінде дауыс беруге құқылы 1856 сайлаушы бар.
Ауылдың келешегін ойлаған сайлаушылар ертемен келіп, қалаған үміткерлеріне дауыс беруде. Солардың қатарында, 70 жылдан бері отбасымен саяси науқаннан қалыс қалмай келе жатқан Мыңбай Жарылғаған мен Кербез Нұргелді де бар.
– Мен 1956 жылдан бері дауыс беруге қатысып келемін. Содан бері талай сайлауға қатыстық. Конституциялық құқығымды пайдалана отырып өзім таңдаған үміткерге еліміздің еңсесі биік, қадамы нық болуы үшін дауыс бердім. Ең алдымен қазақтың ынтымағы мен бірлігінің жарасуын тілеймін,- дейді Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Мыңбай Жарылғаған.
Үйден дауыс беруге 3 адам өтініш берген. Төрт сағатта учаскеге тіркелген 1856 сайлаушының 512-і, яғни 27,59 пайызы дауыс берді.
Нұрсәуле Жауынбаева




