Атырау облысында референдум күні таңертеңнен бастап өңір тұрғындары өз таңдауын жасау үшін дауыс беру учаскелеріне келді. Учаскелерде бірлік пен жауапкершілік атмосферасы сезілді. Дауыс беруге тұрғындар отбасымен келіп, жастар мен аға буын өкілдері де белсенді қатысты.
Сонымен қатар кейбір учаскелерде креативті перформанстар, тақырыптық көріністер мен мәдени элементтер ұйымдастырылып, дауыс беру процесіне ерекше көңіл-күй сыйлады. Жоғары қатысу көрсеткіші атыраулықтардың ел болашағына бейжай қарамайтынын және қоғамдық маңызы бар бастамаларға белсенді қатысатынын көрсетті.


