Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда референдум учаскелерінде дауыс санау басталды

 Атырау қаласында өткен республикалық референдум барысында дауыс беру процесі қоғамдық бақылаушылардың қатысуымен өтті.

Бұл туралы Атырау қалалық «Дауыс» байқаушылар коалициясының өкілі Ғабит Қайрекешов мәлімдеді. Оның айтуынша, таңғы сағат 07:00-де басталған дауыс беру кешкі сағат 20:00-де аяқталған.

 «Бүгін Атырау қаласы бойынша барлық референдум учаскелерінде қоғамдық бақылаушылар дауыс беру процесіне қатысты. Таңғы сағат жетіден басталған дауыс беру процесі кешкі сағат сегізде аяқталды. Дауыс беру үдерісі барысында ешқандай заңбұзушылықтар немесе кедергілер тіркелген жоқ. Қазір барлық учаскелер жұмысын аяқтап, бюллетеньдерді санау процесіне кірісті», – деді Ғабит Қайрекешов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT