Атырау облысында жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдум аясында дауыс беру басталды. Бүгін өңір бойынша барлығы 276 референдум учаскесі өз жұмысын жүргізуде.
Солардың бірі — Атырау қаласындағы №92 референдум учаскесі, ол Атырау қалалық №7 емханасында орналасқан.
Аталған учаскеде 2617 дауыс беруші тіркелген. Олардың ішінде 2 азамат үйден дауыс беру мүмкіндігін пайдаланады. Учаскедегі ең жасы үлкен дауыс беруші — 1941 жылы туған азамат.
Бүгінгі маңызды күні тұрғындар белсенді қатысып, өз азаматтық міндеттерін орындауда. Әсіресе жастардың белсенділігі қуантады. Бүгін 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс беруге келген жас сайлаушыға және оның анасына арнайы естелік сыйлық табысталды. Бұл-жастарды ел өміріндегі маңызды саяси науқандарға қатысуға ынталандырудың бір көрінісі, -деді комиссия төрайымы.
Халықтың белсенділігін арттыру мақсатында алғашқылардың қатарында дауыс берген сайлаушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады


