Ығылман Шөреков атындағы орта мектептегі №145 сайлау учаскесінде сағат 9:00 шамасында дауыс берушілердің қатары артқанын байқауға болады. Мұнда 1316 сайлаушы тіркелген.
Солардың бірі – ардагер журналист, соңғы төрт-бес жылдан бері көз жанары көрмейтін Жолдас Жанқуат өз таңдауын №145 сайлау учаскесіне келіп жасады. Ол қара халықпен етене араласатын іскер округ әкімінің сайланғаны маңызды екендігін тілге тиек етті.
Нұрсәуле Жауынбаева




